Жомарт басшы қызметкерлеріне 50 мың доллар көлемінде сыйақы берді
АҚШ-тың Балтимор қаласында құрылыс компаниясының басшысы Эдвард Сент-Джон өзінің қызметкерлеріне арнап естен кетпес кеш ұйымдастырыпты.
15:30 16.12.2019
Өзінің ел алдына шыққан құттықтау сөзінде ұйым басшысы қызметкерлерге сыйақы ретінде 10 миллион доллар көлемінде тағайындағанын айтқан. Мекемеде басқаларынан көбірек жұмыс істеген адам сәйкесінше басқа қызметкерге қарағанда жоғары сыйақыға қол жеткізіпті. Орташа есеппен олардың әрбірі 50 мың долларға ие болыпты. Сыйақы олардың айлық жалақысымен бірге жылдың соңында берілген.
Күтпеген жерден үлкен ақшаны иеленген қызметкерлердің бірі қуаныштан жылап та, айқайлап та жіберіпті. Сент-Джонстың айтуынша, ол бұл ісі арқылы қол астындағы қызметкерлеріне ұйымның жеткен жетістіктері үшін алғысын білдіргісі келген.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!