Оқушылар мектеп әжетханасында сабақ өткен
Бұхара облысының әкімшілігі Каган қаласындағы № 9 мектепте әжетханада сабақ өткенін растады.
16:18 16.12.2019
14 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Өзбекстанның Каган ауданындағы орта мектепте әжетхана оқу бөлмесіне айналғаны туралы ақпарат тарады. Бұхара облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1986 жылы салынған мектеп 1051 оқушыға арналған. Дегенмен қазір білім мекемесінде 1573 бала оқиды. Үш қабатты мектептің әрбір қабатында әжетхана мен жуынатын бөлме бар, бірақ бірінші қабаттағы әжетхана ғана істеп тұр.
Бір ай бұрын әжетханалардың бірі сыныптан тыс сабақ өткізу үшін жөнделген. 13 желтоқсанда бұл бөлмеде өзбек тілінің мұғалімі А.Ф. бақылау жұмысын өткізген. "Әлеуметтік желіде жарияланған сурет сол кезде түсірілген" делінген мәлімдемеде. Халық білімі басқармасы әжетхананы оқу бөлмесі ретінде пайдалануға тыйым салды.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!