Ұлдар мен қыздар ортақ дәретхана бөлмесін қолданатын болады
Австралияның Брисберн қаласында келесі жылдан бастап жаңа оқу орнында қыздар мен ұлдар ортақ дәретхананы қолданантын болады.
20:55 16.12.2019
Fortitude Valley мемлекеттік колледжі қыздар мен ұлдарға арналған ортақ дәретхана ашпақшы болған алғашқы ұйым ретінде әлемге танылды. Алайда мекеме басшылығының бұл бастамасы ата-аналар мен сарапшылардың жаппай сынына ұшырады.
Австралияның білім министрлігі дәретхана туралы ақпаратты растады. Айтуларынша, колледжде орналасқан ортақ дәретхананы қыздар мен ұлдар теңдей қолданатын болады деп жоспарлануда. Оқу орнынының киім ауыстыратын бөлмеде орналасқан әжетханалар ғана ерлер мен әйелдерге болып бөлініпті. Бұған қоса министрлік қызметкерлері дәретхана құрылысына 80 миллион теңге жұмсалғанын айтты. Әрбір әжетханада жеке-жеке қолжуғышы мен іштен бекітілетін 12 бөлме орналасытырылады. Бұлардың ішінде мүгедектерге арналған арнайы жабдықтар да бар көрінеді. Дегенмен бұл бастаманы тәуелсіз сарапшы Мишель Митчелл ақылға қонымсыз деп атады.
"Мектеп әжетханаларында балалар ұятсыз жайттарға баратыны айтпаса да белгілі. Оқушылардың бірін-бірі қорлауы, мазақтап видеоға түсіруі, жыныстық қатынас тағысы тағы бар. Ал бұл жағдай нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз", - деді маман.
Алайда жергілікті білім департаменті бұл бастаманы заман талабы деп атап, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екендігін жеткізді. Тағы бір сарапшы Джаррод Блейджидің айтуынша, бұл жағдайдың арты үлкен дауға ұласуы мүмкін.
"Колледждегі ұлдар мен қыздардың жеке өміріне қол сұғылмауы қажет. Оқу орындарында басқа да көңіл бөлуге тұрарлық мәселе жетерлік, дегенмен білім басқармасы дәретхана жағдайын үлкен дауға айналдыруын жөн көріпті", - деді сарапшы.
Әлеуметтік желі қолданушылары да ортақ әжетхананы қолдану туралы шешімге байланысты өз наразылықтарын білдіріді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!