Тәуелсіздік күні елордада 55 сәби өмірге келді
16 желтоқсан күні елордада 55 сәби өмірге келді.
11:10 17.12.2019
Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 00.00-16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан. Олардың 31 қыз, қалған 24-і ұл бала. Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер.
Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.
Еске сала кетейік, Алматылықтар орталық алаңдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойып, Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!