Ақтөбеде полиция бұзылып қалған автобустағы қырғызстандық жолаушыларды құтқарды
Самара-Шымкент тасжолында тағы бір автобус бұзылып қалды.
13:36 17.12.2019
Полиция 42 жолаушыны жылыту орнына жеткізді. Автобус Қырғызстаннан Ресейдің Мәскеу қаласына бет алған. Көлік бұзылып, жол жиегінде бірнеше сағат тұруына тура келген.
«Республикалық трассада полиция қызметкерлері Бекзат Сисенбаев пен Сәкен Жамбылов кезекшілікте жүрді. Олар автобусты сүйреп, ең жақын кемпингке жеткізді. Сол жерде жолаушылар жылынып, автобус жөнделді. Бұл бірінші жағдай емес. Қыста шетелдіктер жолға дайындықсыз шығады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!