{metadescription}
БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түс шамасында Сырым ауданы аумағында болды. Сағат 13.15-те Жымпиты ауылынан Ақтөбеге қарай 15-20 шақырым жерде «Тойота Камри» және «КИА Соренто» автокөліктерінің түйіскені жөнінде хабар түскен. 

Аудандық орталық ауруханаға 9 адам жеткізілсе, соның екеуі - кәмелетке толмағандар. Олар қаралу үстінде. Осы оқиғаға орай ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде