Қазақстанда екі жер сілкінісі болды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні екі жер сілкінісін тіркеді.
08:13 18.12.2019
Бірінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 18 сағат 06 минут 19 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 473 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,6. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.
Екінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 19 сағат 17 минут 09 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 465 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10,4. MPV тербелісі – 4,2. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!