Көлік жүргізіп үйренген 12 жасар бала өрттен аман қалды
Австралияның батысында 12 жасар бала үйіне тақап қалған алапат өрттен ағасының машинасына мініп, қашып үлгерді.
09:45 18.12.2019
Өткен жексенбі күні 12 жасар Люк Старрок орманды шарпыған өрт Уитбелт қаласына тақап қалған кезде үйінде жалғыз қалған. Оның әкесі Иван Старрок пен ағасы Дейл бұл уақытта өрт сөдірушілермен бірге Могамбер қаласында тілсіз жаумен арпалысып жатқан. Олар Люкке егер жалын үйге жақындаған жағдайда үйден төрт шақырымдай қашықтықтағы апельсин ағаштарына жетіп алуды тапсырып кеткен.
Өрт таяп қалған шақта ол итін ағасының автомобиліне салып, дереу жолға шығып үлгерген. Бір сағаттай уақыттан өткеннен кейін өрт сөндірушілер жол жиегінде тұрған баланы тауып алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!