Қостанай облысында 4 адам өрттен көз жұмды, екеуі сәби
Қостанай облысында жеке үйден шыққан өрттен 4 адам қаза тапты.
10:42 18.12.2019
Қайғылы оқиға 15 желтоқсан күні Торғайда болған. Өрт отбасы кешкі ас ішіп отырған кезде шыққан. Үйде 10 адам тұрып жатқан, оның бесеуі бала. Өрт шыққаннан кейін 20 минуттан соң үйдің шатыры құлаған.
Денелерін күйік шалып 33 жастағы ер адам мен 1997 жылы туған қыз бала ауруханаға жатқызылған. Олардың 45 және 40 пайыз денесін күйік шалған. 2009, 2011 және 2014 жылы туған балалар Арқалық қалалық ауруханасында екінші деңгейлі күйікпен жатыр. Оқиға орнында 1938 және 1985 жылы туған әйелдерің мәйіттері табылған. Сонымен қатар әлі бір жасқа да толмаған нәрестелер мерт болған.
Өрт шыққан кезде отбасы мүшелерінің бірі жұмыста еді. Қайғылы жағдай туралы ер адам кеш естіген. Тілсіз жаудың неден болғаны белгісіз. Қостанай ТЖД анықтап жатыр. Оқиға орнында зақымдалған газ балоны анықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!