{metadescription}
8 жасар қыздың көзінен қан ағады

8 жасар қыздың көзінен қан ағады

8 жастағы қыз өте сирек кездесетін дертке шалдықты.

Ол ҮндістанныңТрипура штатында тұрады. Кішкентай қыздың көзінен жастың орнына қан шыға бастады. Сегіз жасар Чвнгсаса Деббармада сырқаттың белгілері сәуір айында байқала бастапты. Сол кезден бастап құлағы мен мұрнынан қан кеткен. Кейін қолы, аяғы мен бетінен қан шыға бастады.

Дәрігерлер қыздың сирек кездесетін гематогидроз дертіне шалдыққанын айтып отыр. Алайда бұл нақты диагноз емес. Әлі қосымша тексеріс жүргізу жоспарланған. Дәрігерлер берген дәріден кейін қыздың жағдайы біршама жақсарды.

Алайда біраз уақыттан соң қыздың ерні, тілі, маңдайы, қолы, саусақтарынан тағы да қан шыға бастады. Деббарманың жағдайы қиындап кетті. Қыз штаттағы бірнеше аурухананың мамандарына барды. Бірақ оған ешкім көмектесе алар емес.

Гематогидроз — науқастың терісі арқылы қан шығатын ауру. Ол он миллионның арасында бір адамда кездеседі. Әдетте қан өзінен-өзі тоқтайды. Дәрігерлер бұл дерттің пайда болу себебін нақты айта алмай отыр.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.