2 млн пара алған директор, 15 млн теңге айыппұл төледі
«Павлодар ӘКК ҰК» АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алғаны үшін сотталды.
11:49 18.12.2019
Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Павлодар ӘКК ҰК АҚ» әлеуметтік даму корпоративтік қорының (Облыс әкімдігінің 100% қатысу үлесі) бас директоры Б.Қ.Дүйсембаевқа қатысты тергеуді аяқтады.
«Ол бұрын аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден ескертілген 1 млн теңгенің 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген. Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Б.К.Дүйсембаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды», - делінген хабарламада.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!