{metadescription}
Енді Қазақстанда аз жалақы алатындарға несие берілмейді

Енді Қазақстанда аз жалақы алатындарға несие берілмейді

Соңғы жылдары Қазақстанда тұтынушылық несиелеудің қарқынды өсуі баяулады.

Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері мәлімдеді. Қаржы институтының мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушының қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, яғни жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді.

"2017 және 2018 жылдары кепілсіз тұтынушы несиесіндегі қарыз бір жылда 31 және 28 пайыз болды. Ал биылғы көрсеткіште кепілсіз тұтынушы несиесі бойынша қарыз небәрі 8 пайыз. (...) Сондықтан қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алып және тұтынушы несиелер санын өсіру мақсатында Ұлттық банк қажет шараларды жүзеге асырып жатыр", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Осылайша, несиелеу субъектілерінің барлығы бірыңғай ереже бойынша жұмыс істеп, Ұлттық банк барлығы шартта көрсетілгендей орындалуын бақылап отырады, яғни қарыз алу туралы келісімшарттағы талаптардың орындалуы, несиелеу мөлшерлемесі, несие бюросына қажет мәліметтердің беруілуін және тағы басқа ережелердің орындалуын бақылап отырады

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.