Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
13:40 18.12.2019
Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын», - делінеді Жарлық мәтінінде.
Осыған дейін, Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!