Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
Мадина Әбілқасымованы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
13:57 18.12.2019
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Өкімімен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
2018 жылы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2019 жылы ҚР Ұлттық эканомика вице-министрі болды.
2019 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!