Ақтөбеде 9 жастағы қызды зорлаған күдікті ұсталды
Ақтөбеде жасөспірімге қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп, бір аптадан бері іздеуде жүрген қаскөй ұсталды.
15:13 18.12.2019
Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Ол қамауда. «Ақтөбелік полицейлер 12 желтоқсанда кәмелетке толмаған балаға қатысты аса ауыр қылмысты ашты. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотталмаған 21 жасар күдіктіні ұстады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұл қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен арнайы жедел-тергеу тобы айналысты. ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске салсақ, 2019 жылы 12 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №3 полиция кезекші бөліміне 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған қызды зорлау туралы шағым түскен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!