Петропавлда жатақхана өртеніп, 50 адам құтқарылды
Петропавлдағы отбасылық жатақхананың 5-қабатындағы бөлменің бірінде өрт шықты.
16:29 18.12.2019
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлмеде жиһаз бен үй заттары жанған.
«Құтқару капюшондарының көмегімен 10 адам құтқарылды, олардың екеуі - бала. Барлығы 50 адам эвакуацияланған, оның ішінде 16 бала бар. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт сөндіруге жеке құрамның 26 маманы мен 9 техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым шегу кезінде отты дұрыс пайдаланбау себеп болып отыр. Тілсіз жаудың нақты неден болғаны және залал мөлшері анықталуда.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!