{metadescription}
Олимпиадаға даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды

Олимпиадаға даярлау орталығының басшысы парамен ұсталды

Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен "Ауыр атлетика бойынша олимпиадаға дайындық орталығы" басшысы мен осы мекеменің бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар бір топ адам болып алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырғаны үшін сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Алдағы уақытта сот күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтап, түпкілікті шешімді шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде