{metadescription}
Шашын бояған әйелдің көзі ісіп, қорқынышты күйге түсті

Шашын бояған әйелдің көзі ісіп, қорқынышты күйге түсті

Шашын үй жағдайында бояп, сәнденуге тырысқан Австриялық әйел ауруханадан бір-ақ шыққан.

Перт қаласынан келген 37 жастағы Джули Якубтың айтуынша, 22 жасында шаштаразға барғаннан кейін ол жеңіл аллергиямен ауырады, содан бері ол бояу рәсіміне жүгінуді тоқтатты. Араға 15 жыл салып Якуб шашындағы ағарған талшықтарын жасырмақ болып, қайтадан шаш бояуын қолдануға бекінгенде қиын жағдайға тап болады. Ол шашын бояу мақсатында шоколад түсті бояуды таңдап алады. Келесі күні бояу кері әсер етіп, жұмысына барғанда мойны қатты ысып, қыши бастапты. 

Дәрі ішсе де өзін нашар сезінуін тоқтатпаған ол, дәрігерге қаралуға мәжбүр болады. Дәрігер әйелдің қатты аллергиялық реакцияны бастағанын және оған стероидты таблеткаларды тағайындағанын айтты. Ертесі күні басының ауырып ісіп кеткені соншалық көзін аша алмай қалады. Дәрігерлер оның бетіндегі терінің ісінуін жеңілдету және инфекцияның алдын-алу үшін антибиотиктер беріп, аллергиясы бір рет болса, келесі шабуылдар одан сайын күшейе түсетіндігін түсіндіреді.

Науқастың қалыпты жағдайға оралуы шамамен үш апта уақытты қажет етті. Якуб сауыққкан соң ол енді ешқашан шашын боямайтынын мәлімдеді. Әйелде мұндай реакция пара-фенилендиамин әсерінен туындағаны анықталды. Бұл көптеген бояулардың құрамында бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде