Алматыда колледж студенттері жаппай төбелесті
Алматы қаласындағы медициналық оқу орнының студенттері жаппай төбелес ұйымдастырды.
00:49 19.12.2019
Полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Төбелес туралы хабар полиция қызметкерлеріне 12 желтоқсан күні келіп түскен.
«Үзіліс кезінде бір топ студенттің колледжде білім алушыны қорлағаны белгілі болды. Аталған фактіге сәйкес, оқу орнының әкімшілігі жасөспірімдермен және олардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арадағы түсінбестік ретке келді. Колледж директоры мен төбелес ұйымдастырған студенттерге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, әрі қарай қарауға Алматы әкімшілік сотына жіберілді», - деді Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!