Алматыда бай кәсіпкер ірі жол апатына себепші болған
Алматыда ірі жол апатына себепші болған Land Rover көлігінің жүргізушісі құрылыс заттарының саудасымен айналысатын кәсіпкер болып шықты.
08:02 19.12.2019
Мас жүргізуші Алматыдағы орталық мешіттің жанында үш көлікті соғып өтіп, жаяу жүргіншілердің жолына шығып кетіп, бес адамды қаққан. Жол апатына себепші болған 44 жастағы ер азамат Қытайдан Қазақстанға құрылыс техникасының тасымалдауымен айналысаты белгілі кәсіпкер екендігі анықталды. Оның үстіне кәсіпкер оқиға болған уақытта ішімдікке сылқия тойып алған көрінеді.
Ал оның Land Rover маркалы көлігі автодүкенде су жаңа күйінде 50-70 миллион теңге тұрады екен. Қазіргі таңда жүргізушіден қолхат алынып, бостандыққа жіберіліпті, деп жазады stan.kz.
"Тергеу сотының үкімі бойынша Қожамқұловтан сыртқа шығуға болмайтын туралы қолхат жазылып алынды", - делінген қалалық соттың баспасөз-хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен мас жүргізуші ауруханада түскені айтылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!