Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды
Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
08:38 19.12.2019
Нұрлан Ноғаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
"Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын", - деп жазылған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келген. И.М. Губкин атындағы мұнай және газ институтында білім алған. 1983-1989 жылдары "Ембімұнай" ӨБ Балықшы барлау басқармасының геологы, аға геологы, бас геологы қызметін атқарған.
1989-1991 жылдары – "Ембімұнай" ӨБ Доссормұнай газ өндіру басқармасының геологиялық бөлім бастығы, "Мақатмұнай" газ өндіру басқармасының; 1991-1996 жылдары – "АНАКО" АҚ "Мұнай" БК бас геологы болған.
1996-1997 жылдары – "Ес-бол" ЖШС директорының техникалық мәселелер бойынша орынбасары.
1997-2002 жылдары – "Ембімұнайгаз" АҚ геология бөлімінің бастығы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ менеджері, директордың орынбасары, геология департаментінің директоры, геология және игеру департаментінің директоры.
2002-2003 жылдары – "Қазмұнайгаз" ҰК ЖАҚ келісімшарттарға мониторинг департаменті директорының орынбасары.
2003-2004 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ БК-індегі үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары. 2006-2009 жылдары – "ҚазГерМұнай" БК ЖШС бас директорының орынбасары және бас геологы.
2009-2012 жылдары – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары.
2012-2013 жылдары – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бас директорының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі.
2013 жылғы қыркүйектен – "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамының бас директоры, басқарма төрағасы.
2016 жылы бірінші энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001) медалімен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен марапатталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!