{metadescription}
Өрт шыққан Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Өрт шыққан Boeing-767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Жапонияның All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясының Boeing-767 жолаушылар ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Бейсенбі күні елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында Фукуока қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Бұдан бұрын ұшақтың командирі әуе кемесінің оң жақ қозғалтқышында өрт шыққанын хабарлаған болатын. Лайнер мұның алдында Фукуокиден Жапониядағы ең ірі әуежайлардың бірі саналатын Токиода орналасқан Ханэдаға ұшып барған еді. 

Оның бортында экипаж мүшелерін қосқанда 278 адам болған. Агенттіктің дерегі бойынша, ешкім зардап шекпеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде