Метро құрылысындағы апат: 5 адам қаза тапты
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында салынып жатқан Юнусабад метрополитен желісінде толассыз жауған жауын-шашыннан 250 текше метр топырақ опырылды.
10:36 19.12.2019
ТЖМ, Ташкент қаласы хокимияты мен мердігер құрылыс компанияларының күштерімен оқиғаның зардабын жою бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі таңда зардап шегушілер мен залал туралы деректер нақтыланып, оқиғаның себебі анықталып жатыр. Өзбекстан Республикасы ТЖМ Telegram-дағы каналында қаза тапқандардың тізімін жариялады:
Ж. Равшанов - 1989 ж.
Т. Абдуллаев - 1957 ж.
Д. Абдуллаев – 1999 ж.
А. Диёров– 1986 ж.
И. Рахматов– 1996 ж.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!