Алматы облысында парацетамол ішкен қыз көз жұмды
Евгения Игнатьева бірнеше күн бұрын қаршадай баласының ажалына дәрігерлерді кінәлаған.
11:02 19.12.2019
Ал Васелина Бражникованың парацетамолдың кесірінен ажал құшқаны анықталды. Алматы облысындағы 7 жасар қыздың өлімі дәрігерден емес, дәріден болып шықты. Қызуы көтерілген қызына анасы қайта-қайта бас ауруының дәрісін ішкізе беріпті. Соның салдарынан бауырына зақым келген.
"Баланың қан анализін бәрін алғаннан кейін, бауырдың зақымдалғанын көрсететін көрсеткіштер бар, сол жоғары болды. Балада орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы болды. Кома жағдайында түсті деген. Соның бәрін байланыстыра отырып, Рей синдромы диагнозын қойдық", - деді Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Асқар Қалиев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!