{metadescription}
Қостанай облысында жол апатында полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол апатында полиция қызметкері қаза тапты

Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмды.

Қайғылы оқиға 18 желтоқсанда Қостанай-Әулиекөл-Сұрған автожолының 84 шақырымында болған.

«Жүк көлігі мен «Ауди» соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. «Ауди» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Жол апаты салдарынан Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің 32 жастағы қызметкерінің қаза болғаны анықталды. 29 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханада жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, полицейдің қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмғаны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат. Ол қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындау үшін Қостанай қаласына келе жатқан. Қазір Қостанай облысы полиция департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізуде. Полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде