Тағамдардың құрамынан адамның емделуін тежейтін антибиотиктер анықталды
Микробқа қарсы препараттар көбінесе асқазан-ішек жолының табиғи микрофлорасын тежейді, иммунитеттің төмендеуіне және аллергиялық аурулардың дамуына септігін тигізеді.
16:08 19.12.2019
Ұлттық сараптама орталығы өнімдерінде антибиотик қолданатын кәсіпорындарды атады. Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарасты Ұлттық сараптама орталығының зертханалары тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Ұлттық сараптама орталығының зертханалары 2019 жылдың 9 айында антибиотиктердің қалдық санын анықтау бойынша шамамен 5 757 зерттеу жүргізді.
Оның ішінде, хлорамфеникол препараты анықталған, антибиотиктердің шекті рұқсат етілген концентрациясының артуымен 11 жағдай анықталды. Зерттеуде Қазақстанның негізгі рационына кіретін өнімдер қамтылды. Атап айтқанда, олар - сүт және сүт өнімдері, құс еті, ет және ет өнімдері, құс жұмыртқасы және өзге де азық-түлік тауарлары.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!