84 жастағы канадалық Антарктида мұз марафонын 12 сағаттың ішінде жүгіріп өтті
Канаданың Эдмонтон қаласының 84 жастағы тұрғыны Антарктидада марафондық қашықтықты жүгіріп өткен ең қарт адам атанды.
16:42 19.12.2019
«Рой Джорген Свенингсен 11 сағат 41 минутта «Антарктида мұз марафоны» ақтық мәресін кесіп өткен ең қарт марафоншы атанды», - делінген материалда.
Ер адам ұзақтыққа жүгірумен 50 жыл бойы айналысып келеді. Оның мақсаты – әр құрлықта марафонға қатысу. Қазіргі уақытта ол жүгіріп өтпеген тек екі құрлық қалды – Аустралия мен Оңтүстік Америка. Свенингсен антарктидалық марафонға бір жыл бойы дайындалған, алайда ол марафонның күрделігіне қайран қалған. Сол күні қар жауып, ауа температурасы -9 градусқа дейін төмендеген.
Оның айтуынша, алғашқы 20 шақырамда қатты шаршап, жүгіруді тоқтатпақ болған. Дегенмен, кейін өзін жігерлендіріп жүгіруді жалғастырған. Бұл марафонда америкалық Уильям Гаферти жеңіске жетті. Ол 42 шақырым қашықтықты 3 сағат 34 минут 12 секундта бағындырды. Антарктидада жыл сайын екі марафон өтеді. Екінші – «Құрлықаралық антарктидалық марафон» ақпанға, Оңтүстік жарты шардағы ең жылы айға жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!