Мәскеу орталығындағы атыстан ФСБ қызметкері қаза тапты
Мәскеудің Лубянка ауданында белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды.
08:12 20.12.2019
Күдіктінің көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр. Бұл жөнінде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қоғамдық байланыс орталығы хабарлады.
«Үлкен Лубянкадағы №12 үйдің жанында белгісіз біреу адамдарды ата бастады. Жарақат алғандар бар. Қылмыскердің көзі жойылды», - деп мәлім етті ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы.
Атыс салдарынан Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкері көз жұмды. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ресейдің ФҚҚ тағы екі қызметкері ауыр жарақат алған. Оқ атқан адам және оның кім екені анықталған. Ол жалғыз болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!