{metadescription}
ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы 15 желтоқсан күні Ұлан ауданына қарайтын Украинка аулының маңында болған. Тайота Камри көлігін тізгіндеген жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Нәтижесінде қарсы келген Гранта автокөлігімен қақтығысты. Екі адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс. ШҚО полиция департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан тәртіп сақшысы көз жұмған болатын. Ол қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындау үшін Қостанай қаласына келе жатқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде