Бойжеткен жігітіне көлік пен үй сыйлап, үйленуге деген ұсыныс жасапты
Қытайдың Хэнань провинциясының тұрғыны өзінің жігітіне оағн тұрмысқа шығу үшін BMW маркалы автокөлік сыйға тартып, өз атындағы үйін аударып берген
09:43 20.12.2019
24 жастағы Сяоцзин есімді бойжеткен Сяокэ есімді сүйіктісіне 11 желтоқсан күні қосылғандарына бір жыл болуына орай үйленейік деп ұсыныс білдіріпті. Ол жігітін алғашқы кездесулері өткен жерге шақырыпты. Қытайлық бикеш той көйлегін киіп, айналасын шарлармен безендіріп, сүйіктісін күтіп тұрыпты.
"Мен бәрін дайындап қойдым. Саған көлік сыйға тартып, өз үйімді сенің атына аудардым. Мені әйелдікке аласың ба?" - депті Сяоцзин.
"Мен бұндай жағдайды мүлдем күтпеген едім. Иә, мен саған үйленемін", - деп жауап беріпті Сяокэ.
Кейіннен ару неліктен мұндай қадамға барғандығы жайлы айтып берді. Сөзінше, оның махаббаты өзіне қамқорлықпен қарап, қыз десе ішкен асын жерге қоятын жағдайға жетіпті.
"Менде оған ерекше тосынсый жасағым келді", - деп қосты бикеш.
Қыздың сөзінше, мұның барлығын ұйымдастыруға оның отбасы көмектесіпті. Жігітке көлік пен үйді Сяоцзиннің жақындары алып берген көрінеді. Ол ақшаның махаббатының жанында түкке тұрғысыз қағаз екендігін жеткізді.
"Мен ер азамат ақша тауып, отбасын асырау керек дегенмен келіспеймін. Менің күйеуімнің қамқор қалпынан таймай, осы қалпында қалғанын қалаймын", - деді бойжеткен.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!