{metadescription}
Алматыда көшедегі жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Алматыда көшедегі жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Алматыдағы жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсірген.

Алматыда Б.Момышұлы көшесінде төбелескен жастар ұсталды. Төбелестің видеосы Instagram желісінде таралды. Видеода бірнеше адамның бір жігітті таяқпен ұрғаны түсіп қалған.

Алматы полициясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. 20 желтоқсанда сағат 01:14 шамасында Алматы қаласы ПД Жедел басқару орталығына Момышұлы көшесінің бойындағы кафелердің бірінің жанында төбелес болып жатыр деген хабарлама келіп түскен.

«Бұл құқықбұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы екі жігіт ізі суымай ұсталды. Олар М.Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ал зардап шеккен адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабымен «Бұзақылық» бойынша тергеу жұмыстары басталды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде