Бір жарым жылда 96 келі салмақ тастаған қызын анасы танымай қалған
Англияда Принцес-Рисборо қаласының тұрғыны бір жарым жылда 96 килограмм салмақ тастады.
11:17 20.12.2019
38 жастағы Элизабет Уоткинс (Elizabeth Watkins) дұрыс тамақтанбай, артық салмақ жинаған. 36 жасында Уоткинстің салмағы 171 килограмға жетіпті. Салдарынан өзі жүре алмайтын халге түскен. Ағылшын әйел өзінің сыртқы келбетінен ұялып, далаға шығудан қалған.
2017 жылы Элизабет Уоткинс өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдайды. Дәрігерлер оның асқазанына ота жасайды. Содан соң, бір жыл бойы күніне 700 калорияның тамағын жейді. Осылайша, ай сайын алты килограмнан салмақ тастап отырған. Келесі жарты жылда күндізгі тамақтану рационын 1200 калорияға дейін жеткізіпті.
Нәтижесінде 1,5 жылдың ішінде Элизабет Уоткинс 96 килограмм артық салмақтан арылып, адам танымастай өзгереді. Оны жақындары мен достары, тіпті анасы да танымай қалыпты. Қазіргі салмағы – 75 килограмм. Сондай-ақ Уоткинс бүгінде алғаш рет жігітпен кездесіп жүргенін айтады. Тіпті, сүйіктісі оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасапты.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!