{metadescription}
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады

Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады

Ұялы телефондағы түнгі режим ағзаның циркадты ритміне кері әсерін тигізеді.

Манчестер университетінің ғалымдары осындай ақпаратпен бөлісті. Олардың зерттеуінің қорытындысы оқу орнының сайтында жарияланған. Мамандар түнгі режимді қосқан кезде телефон экранында сары түс басым болатынын айтады. Ал бұл адамның биологиялық сағатына зиян келтіреді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Тышқандармен жүргізілген зерттеу түнгі режимде қолданылатын түстердің күндізгі жарыққа ұқсас екенін көрсетті. Бұл ағза қателесіп, түн мен күнді ауыстырып алуы мүмкін деген сөз. Сондықтан мұндай түстердің пайдасынан гөрі зияны көп болады. Адамның ұйқысы бұзылады. Ал телефонда әдетте қолданылатын көгілдір түсті спектр ағза үшін әлдеқайда үйреншікті. Ғалымдардың айтуынша, бұл түстің ұйқыға айтарлықтай кері әсері жоқ. 

"Негізі, көк түстер қараңғы уақытпен байланыстырылады. Ал ақ пен сары түс, керісінше, күндізгі уақытқа тән", - дейді зерттеу авторларының бірі Тим Браун.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде