Жастарға жалға берілетін пәтер қаңтар айында табысталады
"Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша кілттерді табыстау қаңтар айына жоспарланған.
13:45 20.12.2019
"Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сертификат алғандар үшін қазіргі уақытта үйге құжаттар мен жалға алу келісімшарттары дайындалуда. Пәтер кілттерін беру және орналастыру кестеге сәйкес 2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап жоспарланған", – делінген хабарламада.
Ал кілттерді табыстау орны мен уақыты туралы жастарға алдын ала смс-хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз қызметі.
"Үй дайын, бірақ әрбір пәтерді болашақта шағым қоюды болдырмау үшін маманға өтініш берушімен бірге қарау керек болғандықтан физикалық тұрғыдан барлығын бір күнде бір мезгілде қоныстандыру мүмкін емес болғандықтан, кілттерді беру кестеге сәйкес күндер бойынша бөлінген. Әрбір өтініш берушінің кілттерін беру кестесі жақын арада осы сайтта жарияланатын болады", – дейді "Тұрғын үй қоры" КММ баспасөз қызметіндегілер.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!