Президент баспана мен көлік аларда қолма-қол ақшасыз төлемдер енгізуді тапсырды
Мемлекет басшысы үкіметке және Ұлттық банкке тұрғын үй мен көлік құралдарын алғаш рет сатып алу жағдайында қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізуді қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.
14:39 20.12.2019
Сонымен қатар көпбалалы отбасыларға көмек көрсету жөнінде тапсырмалар берді.
«Үкіметтің алдында әділетті атаулы көмек көрсету, әсіресе мұқтаж балаларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсету міндеті тұр. Мемлекет мұқтаж адамдарға ғана көмектесуі керек. Көпбалалы отбасылар мемлекеттік қолдауды табысына қарамастан, тек отбасындағы балалар санына қарай алады. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына әлеуметтік пакет кепілдендіріледі», - деді мемлекет басшысы.
Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті есептеу ережелері өзгереді. Ең алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына әлеуметтік жеңілдіктер беріледі. Әлеуметтік төлемдердің өзгеруіне зәулім үйлері мен көліктері бар кейбір қазақстандықтардың да жәрдемақы алуға тырысуы себеп болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!