{metadescription}
Министр: Қазақтың көрпесі Лондонда мың доллар тұрады

Министр: Қазақтың көрпесі Лондонда мың доллар тұрады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға ең аз инвестициялармен қандай бизнес жасауға болатынын айтты.

Оның айтуынша, қазір микро, шағын және орта бизнеспен айналысқан тиімді.

«Жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндіктер. Біз бұл саланы дамытамыз, бұл біз үшін басым бағыт, өйткені бұл бизнес ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да жағдайға тез бейімделеді. Ішкі нарық шағын болғанына қарамастан, көршілес - ресейлік, өзбекстандық нарықпен салыстырғанда мұнда көптеген мүмкіндіктер бар. Бірінші кезекте күрделі процестерді қажет етпейтін азық-түлік, өнеркәсіптік өнімдер, мысалы, ойыншықтарды өзіміз шығаруды ұсынар ем. Ең маңызды бағыт - туризм», - деп Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Министрдің айтуынша, перспективалы бағыттардың бірі - былғары және аң терісі бұйымдарын шығаратын цехтер, деп жазады stan.kz.

«Мен Нұр-Сұлтанның әкімі болған кезде біз өте қызықты бағытты ойластырдық - ол дәстүрлі қазақ кәмпиттері, көрпелер, оны Лондон базарларында бірнеше мың фунтқа сатуға болады (1 доллар - шамамен 0,77 фунт). Бұл үй шаруасындағы әйелдер үйде жасай алатын жұмыс», - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде