{metadescription}
Ақтауда екі жүкті әйел отырған көлік жол апатына ұшырады

Ақтауда екі жүкті әйел отырған көлік жол апатына ұшырады

Жол апатының себебі тексеріліп жатыр.

Ақтауда 2 жүкті келіншек отырған көлік жол апатын ұшырады. Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты 23 желтоқсанда сағат 16.00-де Ақтау қаласының 26 ​​шағын ауданындағы балалар ауруханасының жанында болған. Оқиға орнына жедел жәрдем тобы келді.

"Екі жүкті әйел әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. 40 жастағы әйелдің жүктілігі 34 апта, екіншісі - 31 жастағы әйелдікі 22 апта", - деп мәлімдеді департаменттен.

Жол апатының себебі тексеріліп жатыр, деп жазады sn.kz. Полицияның айтуынша, Lexus көлігінің жүргізушісі жүкті әйелдер отырған көлікке жол бермей, екінші дәрежелі автомобильді жолды қиып өтті. 

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылған", - деп толықтырды полиция.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.