Тонау дерегі екі сағаттың ішінде ашылды
Белгісіз адам кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасар қыздың қолынан телефонын алып кеткен.
17:05 24.12.2019
23 желтоқсанында Тараз қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына 45 жастағы қала тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған 9 жасар қызының қолынан "Samsung Galaxy S5" маркалы ұялы телефонын белгісіз ер адамның ашық түрде тонап кеткендігі туралы шағымданған.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай екі сағаттың ішінде қылмысқа қатысы бар Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, телефон иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек Қылмыстық кодекстің 191-бабы 1-бөлігі ("Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!