{metadescription}
Джеки Чан түсірілім кезінде мерт бола жаздады

Джеки Чан түсірілім кезінде мерт бола жаздады

Әлемге әйгілі әнші Джеки Чан "Авангард" фильмінің түсірілімі кезінде опта болып кете жаздағандығы жайлы айтты.

65 жастағы актердің сөзінше, теңіздегі атыс кезін түсіріп жатқан уақытта ол тасқа ілініп суға батып кете жаздапты.

"Бір кезде қатты қорқып кеттім. Менің денем дірілдеп, мен қазір өліп кетемін деп ойладым", - деді Джеки Чан. 

Танымал қытай актеріне оның түсірілімдегі әріптестері көмекке келіп, құтқарып алыпты. Джекидің айтуынша, бұл жағдай фильм түсіруге ат салысып жатқан барлық адамды аяғынан тік тұрғызыпты. Киноның режиссері Стэнли Тун тіпті жылап та жіберген. Джеки Чан басты рөлді сомдаған қытайдың "Авангард" фильмі 2020 жылдың 25 қаңтарында көрермендерге жол тартады. Кино туынды халықаралық қылмыскерлер тобына қарсы бағытталған оққағарлардың қызметін суреттейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.