Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды
«Ақтөбе» ФК экс-директоры Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды.
08:41 25.12.2019
«Ақтөбе» ФК пресс-атташесі Марат Жұмабаевтың айтуынша, Самат Смақов «Ақтөбе» ФК» АҚ басқарма төрағасының және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің футболды дамыту жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
20 желтоқсанда «Ақтөбе» ФК басқармасы төрағасы Артур Смағұлов, бас менеджері Горан Велькович болды. Кейін жанкүйерлер Самат Смақовтың клубтан кеткенін біліп, өз қарсылықтарын әлеуметтік желі арқылы жеткізді.
Еске салайық, өткен айда танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының иегері атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!