{metadescription}
Ақтауда жол апатынан екі жүкті әйел зардап шекті

Ақтауда жол апатынан екі жүкті әйел зардап шекті

Ақтауда бір көлікке мінген екі жүкті әйел жол апаты ұшырады. Lexus жүргізушісі оларға жол бермеді.

Оқиға 23 желтоқсанда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жанында болған.

"Lexus жүргізушісі қосалқы жолдан, салонында екі жүкті әйел болған Киаға жол бермеді. Салдарынан жол апаты орын алды. Lexus жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баптың санкциясы айыппұл салуды немесе жүргізу куәлігінен айыруды қарастырады. Көлік айыппұл тұрағына қойылды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем бригадасы әйелдерді ауруханаға жеткізді. Жүктіліктің 33-34 аптасында болған 40 жастағы жәбірленушіге дәрігерлер жамбас жарақатын алды деген диагноз қойды. 22-23 апта жүктілікте болған 31 жастағы әйел кеуде қуысынан жарақат алды.

Дереккөз: sn.kz
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде