Елордада аялдамадан жалаңаш ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда жалаңаш ер адам жылытылатын аялдаманы қиратпақ болған.
14:15 25.12.2019
Полицейлердің мәліметінше, 25 желтоқсанда түнгі сағат 3-те белгісіз ер адам Бейбітшілік көшесіндегі жылытылатын аялдаманы қиратпақ болып жатқанын хабарлаған.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгенде қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан ер адамды көрген. Ол киімін шешіп тастап, аялдаманы қиратпақ болған. Полицейлер оны ұстайын дегенде қарсылық көрсетіп, қорқытқан. Бірнеше минут ішінде полицейлер оны ұстады", - делінген хабарламада.
Қазір ұсталған бұзақының есімі белгілі болды. Ол бұрын ұрлық және қарақшылық әрекеттері үшін сотты болған 1975 жылғы Артем Беленьский есімді азамат. Ұсталған сәтте мас болған. Елордада тұрақты тұрғылықты жері жоқ. Бұдан бөлек, ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!