{metadescription}
Президентке тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмысынан кетті

Президентке тікелей эфирде сұрақ қойған журналист жұмысынан кетті

"Ямал-Регион" ОМТРК журналисі Алиса Яровская Ресей президенті Владимир Путинмен жыл сайын өтетін баспасөз-конференциясынан кейін жұмыстан кетуге мәжбүр болды.

Путиннің қатысуымен өткен баспасөз жиынында журналист Алиса Яровская президентке көпір құрылысы жайлы сұрақ қойған. Басылымның мәліметіне сүйенсек, әуелгіде көпір құрылысы былтыр көктемде басталады деп жоспарланған. 

Жиын барысында Яровская Ямал губернаторы Дмитрий Артюхов құрылыс жұмыстары жүруі үшін барлығын жасап жатқанын айтқанын жеткізді. Десе де, жобаның жүзеге аспай жатқанынан құлағдар еткен көрінеді.

Дегенмен оның бұл сұрағын жоғарыда отырған шенеуніктер жылы қабылдамапты. Олар аймақтың басқарушысын атап өткендігіне қабақтарын түйген көрінеді. Телеарна редакциясынан келген журналист болса, бұнан басқа тақырып аясында сұрақ қоюы тиіс болыпты. 

Журналист ақпарат құралына берген сұхбатында жұмыстан өз еркімен кеткенін айтқан. Дегенмен, жұмыстан кетуінің нақты себебі туралы тіс жармады. Губернатор Дмитрий Артюховтың баспасөз-қызметі журналисттің өз еркімен жұмыстан кеткендігін растаған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.