{metadescription}
Талдықорғанда офицер өлі табылды

Талдықорғанда офицер өлі табылды

Алматы облысында әскери қызметкерді өлі табылды.

36 жастағы әскери қызметшісінің денесі 2019 жылдың 24 желтоқсанында Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданындағы аулалардың бірінен табылған. Бұл мәліметті Қорғаныс министрлігінің өкілдері растады.

Instagram желісіндегі angry_taldyk парақшасында Талдықорған қаласында майор өлтірілгені туралы айтылды. Ол Талдықорған қаласындағы № 48386 әскери бөлімінің техникалық бөлім командирінің орынбасары болып қызмет еткен. Сондай-ақ, жазба авторы 24 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында Қаратал шағын ауданындағы өз үйінің жанында ер адамға белгісіз қарудан оқ атылғанын айтты.

Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған. Аталған деректі тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша тіркеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.