Мемлекеттік қызметкерлерге жаңа жыл қарсаңында сыйлық алуға тыйым салынды
Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлық алуға, азаматтарға аталған қызмет иелеріне сыйлық беруге болмайтынын ескертті.
17:43 25.12.2019
«Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, бұл әрекеттер (сыйлық сыйлау - ред) мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен төмен тұратын (5050 теңге) сыйлық бергені үшін 200 АЕК (505 мың теңге) әкімшілік айыппұл, ал мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК (1 миллион 515 мың теңге) әкімшілік айыппұл қарастырылған. Құны 2 АЕК-тен жоғары тұратын сыйлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызметшінің келген сыйлық жөнінде хабары болмаса, сондай-ақ тиісті функцияларды орындауға байланысты алынған сыйлықтар жеті күн ішінде арнайы мемлекеттік қорға ақысыз жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелерінің сыйлықтар мен қызмет түрлерін алуға, аталған тұлғаның қызметімен байланысты жеке және заңды тұлғалар есебінен туристік, сауықтыру және басқа да сапарларға шақыру қағаздарын қабылдауға құқығы жоқ. Ал қарапайым қоржын қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшінің әдеп қағидаларын өрескел бұзу ретінде қарастырылады.
Дереккөз: qamshy.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!