Анасы қызын тамағынан тесіп өлтірген
"Жын-перілердің" арбауына түскен туған қызын анасы тамағын тесіп өлтірді.
18:29 25.12.2019
50 жасты еңсерген америкалық әйел Хуанита Гомез кәдімгі крест белгісін қызының мойнынан тақап, оны тамағының ішіне қарай тыққысы келген. Әйел арам ойын жүзеге асыру әрекетін қызының аузынан қан аққан кезде ғана тоқтатқан. Полицейлер оқиға орнынан жеткенде 33 жастағы әйел еденде сұлап жатқан. Жергілікті News9 телеарнасының хабарлауынша, крест мәйіттің денесіне шегелендей қалыпта болған.
Осы оқиғадан кейін қызын өлтірген безбүйрек ана тұтқындалды.Оның үстінен бірінші деңгейдегі адам өлтіру ісі (АҚШ қылмыстық кодексі бойынша алдын ала ойластырылған адам өлтіру қылмысы) қозғалған.
50 жастағы әйелдің бұған дейін де қылмыс жасағаны анықталды. Ол бұрын есірткі саудасымен айналысқан және заңсыз қару ұстағаны үшін сотталған.
Дереккөз: Skifnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!