Тальгодағы зорлық: Жолсеріктер 5 жылға сотталды
Бүгін Қостанайдың №2 қалалық сотында «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.
20:38 25.12.2019
«Сот үкімімен пойыз жолсеріктері Қолқанат Құрманиязов пен Жетес Үмбетәлиев ҚР ҚК 120-бабымен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Жаза 2019 жылдың 26 шілдесінен бастап есептеледі. Сот бұған дейін, яғни 19 шілдеде жолсеріктерді 2,5 және 2,3 жылға бас бостандықтарынан айырған болатын. Алайда екі тарап үкімге наразы болып, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағым берді. Ол жерде бірінші инстанциядағы соттың шешімі өзгертіліп, іс қайта тергеуге жіберілді.
Еске сала кетейік, зорлық фактісі 2018 жылдың 26 қыркүйегінде болған. Жас әйел елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге «Тұлпар-Тальго» пойызымен қайтып келе жатқан. Оның айтуынша, жолсеріктер түнгі уақытта купенің есігін кілтпен ашып, зорлық көрсеткен. Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!