{metadescription}
Әйел жаңа жылдық суреті үшін 40 келі тастаған

Әйел жаңа жылдық суреті үшін 40 келі тастаған

Ұлыбританияның Ладлоу қаласының тұрғыны өзінің былтырғы суретін көріп ұялғандықтан 40 килограммға азды.

2018 жылы 26 жастағы Кейт Гиббонс сол жылы Рождество меркесі қарсаңында өзін босанғаннан кейін артық салмық қосып алдым деп ұялып, суретке түсуден бас тартыпты. Ол сәбиін дүниеге әкелгеннен соң күйзіліске ұшырапты. Оны басу үшін әйел шоколад пен піспенанды жиі жеген көрінеді. Бұған қоса ол тамақ жасауға уақыты жоқ болғандықтан, жартылай дайын тамақтарды жиі пайдаланыпты. Салдарынан ол артық салмақ қосып алған. Бұл кездің өзінде де оның салмағы 100 килограммнан асып кетіпті. 

Дегенмен оның күйеуі Гиббонсты баласымен бірге суретке түсуін көндіріпті. Суретін көрген әйел одан сайын қайғырыпты. Бірақ өз-өзін қолға ұстап,  диетолог-маманның көмегіне жүгініп, арықтауға бел буыпты. Осылайша ол дұрыс тамақтана отырып, 60 килограммға дейін азған. Сөзінше, Гиббонс суретке түсу сәтін тағатсыздана күтіп жүр екен. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде