Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Ақмолалық палуан қыз қола жүлделі болды
Ақмолалық палуан қыз Толғанай Әбеуова қазақ күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
08:01 26.12.2019
Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен 8-ші Әлем чемпионаты өткен. Жарысқа дүниежүзінің 28 елінен жиналған кілең мықты палуандар қатысып, күш сынасты.
«Ұлттық құрама сапында болған Степногор қаласындағы олимпиадалық резерв даярлайтын облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжінің тәрбиеленушісі Толғанай Әбеуова жақсы нәтиже көрсетті. Жерлесіміз боз кілемде бес белдесу өткізіп, жүлделі үшінші орын алды. Толғанай бапкері Асылбек Шахановтың жетекшілігімен жаттығады», - дейді ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!