Шатқалға автобус құлап, 28 адам қаза тапты
Автобуста барлығы 40 адам болған.
09:03 26.12.2019
Зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізілді. Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында автобус шатқалға құлап, 28 адам қаза тапты. Оның ішінде балалар да бар. Benteng Telau құтқару қызметі басшысының айтуынша, автобуста барлығы 40 адам болған. Зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізілді.
Құтқару қызметінің айтуынша, эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соған орай, қаза тапқандардың саны артуы да мүмкін. Ал оқиғаның себептерін жергілікті полиция анықтауда.
Еске сала кетейік, терроршылардың шабуылынан 35 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!